Мақалалар мен жарияланымдар

"Қаратау" ЖШС еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау қызметінің жұмысы туралы.

"Қаратау" ЖШС үшін қоршаған ортаны қорғау, өндірістегі қауіпсіздік, қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау – тұрақты жұмыстың негізгі факторларының бірі болып табылады. Компанияның басым бағыттарының бірі қауіпсіз жұмыс жағдайларын жасау және персоналға радиациялық әсерді барынша мүмкін болатын деңгейге дейін төмендету болып табылады. Компания басшылығы "Қаратау" ЖШС қызметкерлерімен кездесулерде компанияның барлық қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау, радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтау тақырыптарын тұрақты түрде қозғайды, бұл ЕҚ және ҚТ, РБ және ҚОҚ саласындағы компания Стандарттары мен Саясатында көрініс табады. Компания басшылығы барлық қызметкерлерде еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және радиациялық қауіпсіздік саласында корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ұмтылады.

"Қаратау"  ЖШС қызметкерлері арасында қауіпсіздік мәдениетін қолдау үшін жыл сайын кеніште және бас кеңседе қауіпсіздік техникасы (ҚТ) күнін және қоршаған ортаны қорғау күнін өткізеді, ТЖ-ға ден қою бойынша оқу жаттығуларын ұйымдастырады.

Оқу жаттығуын өткізу фотосы.

Оқыс оқиғаларсыз және ҚТ, РБ және ҚОҚ бойынша ережелерді бұзбай жұмыс істеген қызметтер мен қызметкерлерді көтермелеу жүргізіледі. Тоқсан қорытындысы бойынша үздік қызмет кеніш кәсіподағының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жыл бойы "Қаратау" кенішінде аумақты жинау бойынша сенбіліктер өткізіледі, көктемгі уақытта ағаштар мен гүлдер отырғызылады. 2021 жылы "Қаратау" ЖШС учаскесі аумағында 300 түп қарағаш отырғызылды.

"Қаратау" ЖШС қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу бойынша тұрақты, мақсатты жұмыс жүргізеді. Судың, ауаның және топырақтың жай-күйін тұрақты бақылау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2021 жылы компания кен орнындағы биоалуантүрлілікті бағалау жұмысын бастады. Бұл жұмыс өндірістік учаскелерде флора мен фаунаның қаншалықты сақталғанын, мұнда құстардың, жануарлар мен өсімдіктердің қандай түрлері өмір сүретінін, олардың қайсысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгенін түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл жұмыс кен орнындағы флора мен фаунаны қорғау және сақтау бойынша тиісті іс-шараларды әзірлеуге көмектеседі.

Мінсіз жұмысы үшін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай компанияның және атом саласының дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін ЕҚ инженері Б.М.Жанбршиев "ЮрАзияЭнерджи Холдинг" ҚБК Қоғам Акционерлерінің Құрмет грамотасымен марапатталды.