Біз туралы

«Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылдың 19 шілдесінде құрылды. Серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның – 50% және «Uranium One Netherlands B.V.» Компаниясының – 50% арасында бөлінген. Серіктестіктің орналасқан жері: Созақ ауданы, Таукент кенті.

Қызметінің негізгі түрі құрамында уран бар кендерді өндіру және өңдеу болып табылады. Серіктестік өзінің өндірістік қызметін «Буденовское» кен орны, № 2 учаскеде жүзеге асырады.

«Қаратау» ЖШС – бұл өндірісінде ақырғы тұтынушылардың талаптарына жауап беретін және халықаралық, корпоративтік стандарттардың тиісті нормаларына сәйкес келетін экспорттық сапалы дайын өнімдерді алатын біраз кәсіпорындардың бірі.

«Қаратау» ЖШС АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінде алғашқылардың бірі болып технологиялық процестерді автоматтандыруды барынша енгізді, бұл кәсіпорынға қауіпсіздік техникасын түбегейлі жақсартуға және өндірістік жарақаттанушылықты болдырмауға, сондай-ақ зиянды өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың денсаулығын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.

Кәсіпорынның саясаты инновациялық және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануды ескеріп қана қоймай, сонымен қатар қауіпсіздік техникасына және қоршаған ортаны қорғауға елеулі назар аудара отырып, өзіне еңбек өнімділігін арттыру мен өнімнің өзіндік құнын төмендету бойынша міндеттерді қамтиды.