Серіктестіктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, оның ішінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша міндетті нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасына, құрылтай құжаттарына сәйкес функцияларды орындайтын, Бақылау кеңесіне тікелей бағынатын Серіктестікте Тәуекелдер мен комплаенс Офицері тағайындалады.
Тәуекел мен комплаенс Офицердің міндеттері:
• Серіктестікте тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
• Серіктестіктің бизнестің үздіксіздігін басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
• Серіктестік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық стандарттардың, келісімдердің, шарттардың және серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.
Тәуекелдерді басқару жүйесі
«Каратау» ЖШС корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді.
Тәуекелдерді нақты және уақтылы анықтау, бағалау, бақылау және тиісті әрекет ету шаралары барлық басқару деңгейлерінде тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді және серіктестіктің стратегиялық мақсаттары мен негізгі қызмет көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ішкі бақылау жүйесі
Серіктестікте ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру негізгі және қосалқы процестерге және күнделікті жұмыстарға бақылауды жүзеге асыра отырып, технологиялық тәуекелдерге жедел жауап қайтара алатын басқару жүйесін құруды көздейді.
Серіктестіктегі ішкі бақылау қаржылық және басқарушылық есептілікті қалыптастыруды, заңнаманың және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауды, сондай-ақ операциялық қызмет шеңберіндегі процестердің тиімділігін арттыруды қоса алғанда, қызметтің үш негізгі бағыты бойынша тәуекелдердің алдын алуға бағытталған.
Комплаенс
Серіктестік өз ісін адалдықпен және іскерлік этиканың жоғары стандарттарымен жүргізуге тырысады, және серіктестік өзінің жеткізушілерінен, клиенттерінен, консультанттарынан, агенттерінен және басқа іскери серіктестерінен осындай қарым-қатынас күтеді.
Серіктестік кез-келген заңсыз әрекетке, оның ішінде пара алуға және сыбайлас жемқорлықтың басқа көріністеріне, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты немесе ынтымақтастыққа тыйым салатын халықаралық санкцияларға ұшыраған адамдармен ынтымақтастық қаупін азайту мақсатында контрагенттерді кешенді тексеруден өткізеді.