«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы өкілеттігін тоқтататыны туралы хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Компанияның Басқарма Төрағасы қызметінен 2021 жылдың 02 қыркүйектен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарлайды. ЯОЦ жөніндегі бас директоры Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов Басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады.


«Самұрық-Қазына» АҚ атынан Пірматов мырзаға өз ісіне берілгендігі және жұмыс кезеңде Компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді,- деп атап өтті "Самұрық - Қазына" АҚ-ның Басқарма Төрағасы Алмасадам Майданұлы Сатқалиев. - Бізге оның уран саласындағы баға жетпес тәжірибесі мен айрықша нәтижелерге қол жеткізу бейілділігі жетпейтіні сөзсіз. "Самұрық-Қазына" АҚ атынан және жеке өз атымнан Ғалымжан Олжайұлына бар жақсылық пен болашақта табыс тілеймін».


«Соңғы төрт жыл ішінде Пірматов мырза өзінің көшбасшылық қасиеттерімен және қазақстандық, сондай-ақ халықаралық компанияларда көп жылдық басшылық тәжірибесімен ұзақ мерзімді нарықтық құндылықты құруға бағытталған Компанияның даму стратегиясын іске асыруда аса маңызды рөл атқарды, - деді Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфэллоу. - Басқарма Төрағасы бола тұра, оның білімі мен тәжірибесі Компанияның дамуы мен беделінің нығаюына ықпал етіп, 2018 жылы Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында алғашқы жария орналастыруды (IPO) жүзеге асыруға алып келді.

COVID-19 пандемиясы кезінде ерекше маңызды болып табылатын Компания қызметінің барлық салаларында қызметкерлердің қауіпсіздігін басымдыққа ала отырып, Пірматов мырза тұрақты даму, экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару (ESG) қағидаттарына негізделген басқару шешімдерін қабылдау арқылы күшті корпоративтік басқарудың, ашықтық пен ұзақ мерзімді ойлау қажеттілігінің маңыздылығын үнемі атап өтті. Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі мен басшылық тобы Пірматов мырзаға компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі және уран саласы мен жалпы ядролық секторына әкелген құндылығы үшін шынайы алғыс білдіреді. Біз оған болашақтағы барлық бастамаларына сәттілік тілейміз».


«Мен ел басшылығына сенім білдіргені және Компанияны тиімді басқару үшін ұсынылған мүмкіндік үшін зор алғысымды білдіремін, - деп атап өтті Пірматов мырза, - Компания мен бүкіл әлемдік уран саласы үшін осындай күрделі уақытта Қазатомөнеркәсіпті басқару мен үшін үлкен абырой және ілтипат болды.

Қазатомөнеркәсіптің бүкіл ұжымына алғыс білдіргім келеді, мен үшін осындай ұжыммен жұмыс істеу өте мәртебелі болды. Осы төрт жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді өте мақтан тұтамын және Қазатомөнеркәсіп бұдан әрі де құндылықты дамытып, барлық мүдделі тараптардың күтілімін асып түсетініне сенімдімін. Мен «Самұрық-Қазына» АҚ-на, Директорлар кеңесінің төрағасы Лонгфэллоу мырзаға және де барлық мүшелеріне қолдауы үшін жеке алғысымды білдіргім келеді. Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің құрамы бұрынғыдан да күшті және әртараптандырылған, сондықтан мен осындай мықты Директорлар кеңесі мен Басқармасына нық сеніммен Компаниядан кете аламын».


2015 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіпте түрлі лауазымдарды атқарған және қазіргі уақытта ЯОЦ бойынша Бас директор болып табылатын Мәжит Шәріпов мемлекеттік қызметте және жеке секторда түрлі лауазымдарда, оның ішінде ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры, ҚР Атом энергиясы агенттігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры және Атом энергиясы комитетінің төрағасы лауазымдарында 31 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие.

Басшылық құрамның толық өмірбаяны олардың тағайындалуынан кейін, Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді болады: www.kazatomprom.kz

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:

Торғын Мукаева, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63 Email: pratkazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, табиғи уран өндіруде жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің интернет-ресурсымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.