«Қаратау» ЖШС-сы «Жауһар жәдігер» ең үздік безендірілген үй аталымын жеңіп алды

Жыл сайын Наурыз мерекесін жоғарғы деңгейде атап өтуді мақсат тұтқан біздің өндіріс ошағы биыл да дәстүрлі  тойлауға өз үлесін барынша қосты. Ұлыстың Ұлы күні ауыл тұрғындарына, құрметті азаматтары мен ардагерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кең дастархан басына шақырып, барша жұрттың ризашылығына бөленді. Сөйтіп, мерекелік номинациялар ішінде «Жауһар жәдігер» ең үздік безендірілген үй аталымына ие болды. Осынау жоғары марапатқа ие болғанымыз құтты болсын!