Соңғы бірнеше жылдар бойында «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының арасында еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы үздік кәсіпорын» конкурсы өткізілуде. Биыл да «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-тың жыл сайынғы қорытынды корпоративтік кеңесі 16 және 17 наурызда Қызылорда қаласында өтті. Аталмыш конкурстың қорытындысына сәйкес «Қаратау» ЖШС-сы «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ барлық еншілес және тәуелді ұйымдарының арасында бірінші орынға ие болды. Ауыспалы кубок пен құрмет грамотасы салтанатты түрде «Қаратау» ЖШС-сың бас директоры Құдайберген Қанат Жақыпұлына тапсырылды.