«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Спартакиадасының ашылуы

Бүгін Алматы қаласында атом саласы кәсіпорындарының XVIII Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндіріс жөніндегі бас директоры Марат Ниетбаев спорттық сайыстардың қатысушылары  мен көрермендерін Спартакиаданың ашылу салтанатымен құттықтап, сөз сөйледі.

В спортивном мероприятии, которое пройдет с 20 по 24 августа  примут участие 22 команды, объединившие более 800 спортсменов-любителей.

Тамыз айының  20-24 аралығында  өтетін іс-шара 22 команда атынан өнер көрсететін 800 әуесқой-спортшының басын қосады. Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары құрамаларының ең мықты деген атлеттері 9 спорт түрі бойынша чемпион атағын додаға салады - мини-футбол, жеңіл атлетика,  волейбол, стритбол, армрестлинг, шахмат, бильярд, үстел теннисі және бадминтон.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XVIII Спартакиадасы 24 тамыз күні  жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Толығырақ фоторепортаж  FACEBOOK