Қазатомөнеркәсіп басшысы Honeywell Performance Materials and Technologies президентімен кездесті

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевтің  Honeywell Performance Materials and Technologies президенті әрі бас атқарушы директоры Раджив Гутаммен кездесуі барысында компаниялардың өндірісті автоматтандыру және цифрландыруға, кәсіпорындар қызметіне Индустрии 4.0. элементтерін енгізуге қатысты әріптестік мүмкіндіктері талқыланды.

Ұлттық атом компаниясының басшысы Қазатомөнеркәсіпте «Цифрлы кеніш» жобасының сәтті енгізілгенін мәлімдеді. Аталмыш жоба жоспарлауды автоматтандырып, уранөндіруші кәсіпорындардың тиімділігін, стандарттарға сәйкестігін арттырып, негізгі және қосалқы процесстерді есептеп бақылауға толық мүмкіндік береді.

Қазіргі күні компанияның еншілес кәсіпорыны «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-де дайын өнімді ыдысқа салу желісі роботтандырылуда, соның нәтижесінде операциялардың барлығы қол еңбегінсіз жүргізіледі. Сондай-ақ, қазір кеніштерде дрон құрылғысы кеңінен пайдаланылуда. Оның арқасында техника қауіпсіздігінің сақталуын қадағалап, геотехникалық полигондардағы ахуалды бақылауға және басқа маңызды шаруаладры атқаруға болады. 

Раджив Гутам өз кезегінде Қазатомөнеркәсіп пен Honeywell Performance Materials and Technologies компаниялары арасындағы екіжақты тиімді әріптестікке белсенді қызығушылығын, бірлескен жобаларды іске асырып, озық тәжірибемен алмасуға дайындығын танытты.  

Естеріңізге сала кетсек, маусым айында Қазатомөнеркәсіп әлемнің атом саласындағы жетекші компанияларымен өз бірлескен кәсіпорындарында автоматтандыру, цифрландыру, роботтандыру саласында әріптестік орнату бойынша Меморандумдарға қол қойған болатын.